Мьянма мен Таиландта үлкен жер сілкінісі болды. 40-тан астам жұмысшының Бангкоктағы үйінділердің астында қалғаны хабарланды, деп жазды Alash.kz порталы.
Бұл жайлы CNN хабарлады. Жұмысшылар Бангкокта салынып жатқан көп қабатты үй үйінділерінің астында қалды. Мьянмада жер сілкінісі салдарынан жолдар деформацияланды.
Сондай-ақ, Ирравади өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі опырылды.
Жер сілкінісі Мандалай қаласының оңтүстік-батыс тұсында, 33 км жерде болған. Онда шамамен 1,2 миллион адам тұрады. Қытай сейсмологиялық басқармасының мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 7,9. Ал 6,4 баллдық жер сілкінісі 12 минуттан кейін Мьянмада дүмпіді.