Танымал әнші Жазира Байырбекованың әпкесі Ляззат Байырбекова журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, блогер ұлы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.KZ порталы Jasqazaq порталына сілтеме жасап.
Онын ұлы жұртқа Goodzhan атымен танылған блогер.
«Ол жобаға барғанда мен Қытайда жүрдім. Бір күні жұмыста отырсам, желіде «баласы Qoslike бағдарламсында жүр», «анасымен жасты әйелді алмақшы» деген хаттар келді. Жұмыстан үйге келгеннен кейін «сен жаңағы бағдарламаға барғансың ба?» деп сұрадым. «Иә, бардым» деді. Не үшін барғанын сұрадым. Ол қазақша бағдарламаға қатысқысы келгенін айтты. Оның үстіне «менің қызым жоқ, мүмкін үйленетін қыз тауып қаламын» деді. Содан соң кімге барды екен деп қарасам, бір баласы бар келіншек екен. Таңдауы күшті екен, әп-әдемі келіншек екен. Егер шын жақсы көріп қалса, үйленсе, үйленсін дедім. Бұл сөзіме көпшілік таңқалған шығар», — деді Л.Байырбекова.