Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баланың болашағын талқандадыңдар - Айнұр Тұрсынбаева Нұрсұлтан Жақсыгенге ұрысты (ФОТО)

15:18, 15 тамыз 2024 718

Белгілі жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен ажырасу процесіндегі келеңсіз оқиғалар туралы өз инстаграм парақшасында жариялаған болатын. Әйелі Фариза Алмазовада желіде Нұрсұлтанмен не үшін ажырасып жатқандығының анық-қанығын жазып, оқырмандарға бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Инстаграм әлеуметтік желісінде Нұрсұлтан Жақсыген аудиториясына түсіндіру мақсатында пост жариялады. 

"Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасам немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсамда әліптің артын бағып түзелер десемде, енді мені жамандап әлек әлуметтік желіде. Үй болған соң ыдыс аяқ сылдырамай тұрмайды деп жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ерін ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жопқа. Дүние ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса ешнәрсе де керек емес. Ақылға көнейік бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп тартып қалды. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды махаббат да сезім де, үйде ақша да.. тек кешірші менің қателігімді деген иілу болмады",-деп жазды актер. 

Осы постының астындағы пікірлерде танымал адамдар өз ойларын айтып, кейбірі ақыл-кеңес беріп,балалар үшін қайта қосылуларын сұраған. Соның ішінде айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева да бар. 

"Осы суреттен артық қандай мотивация керек сендерге! Шындап келгенде екеуің де ел қызығатын жанұя едіңдер, екеуіңе шайтан ағузубиллях білгенін істетіп жатыр. Ақыл айтып отырған жұрттың дымы кетпейді, бала шағамыз аман, байымыз қасымызда.. Қиналып жүрген екеуің, осы екеуіңнің жүректеріңе түскен салмақ ертең 2 балаға түседі! Нұрсұлтан ұятсыз, Фариза тәрбиесіз , әке шешесі жаман деп айтып жатқандап отқа май құйып рахаттанып отыр. Шындығында сен Фаризадан артық қатын таппайсың, Фариза сенен артық күйеу таппайды!!! Мынадай тәтті балапандардың қылығын мың қатын тауып бермейді саған! Шайтанға әскер болып, Алланы ашуландырмай барып иіл! Әйелдің тілін табу оңай! Бір алтын тағып, бір гүл апарсаң жайнап шыға келеді! Ерегісіп елге күлкі болмаңдар! Инстаграм қоқыс алаңы! Бұл жерде досыңнан дұшпаңың көп! Отбасының абыройын осы жерге әкеп төгіп жатырсыңдар. Қаптаған пабликтер шулатып жазып жатыр. Интернет -тарих! Ертең бала-шағаң ер жетіп осы бықсыған әңгімені оқитын болады! Балалардың болашағын талқандап отырсыңдар! Мықтылық деген әйелді жеңу емес! Мықтының мықтысы ғана отбасын сақтап қалады!",- деп ақыл айтқан пікірі халыққа да ұнаған сыңайлы. 

Фариза Алмазова да өз парақшасына оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі айтып берді. Фариза Алмазованың інісі Мирас Алмазұлы да блогер екен. Өз сторисіне Нұрсұлтан Жақсыген туралы біраз ақпарат жазған. Оның ішінде, ол Фаризамен отбасылы болып тұрған кездің өзінде өзге қыздарға жазып, тіпті кездесіп те жүргенін баяндады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар