Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Баламды неге қызғанасыздар? Алдымен анасына тағзым етеді”. Гүлзира Айдарбекова келініне қатысты ойын ашық айтты

18:36, 02 наурыз 2025 1234

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова «Қайрат Нұртас туған күнін неге өзінің отбасымен, балаларымен тойламайды?» деп сынаған желі қолданушыларына жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар екен? Дұрыс азамат алдымен анасына тағзым етеді – өмір сыйлағаны үшін алғыс білдіріп, содан соң бала-шағасымен, отбасымен тойлай береді. Түнде сағат 12-ден аса маған келді, енді, Алла бұйыртса, отбасына ұшты. Егер сізге нақты жауап қажет болып жатса.

Алладан кейін анасын жоғары қойса, оған еш ренжімеңіз, керісінше, отбасыңызға үлгі болсын. Ата-ананың разылығы мен дұғасы болмаса, жер басып жүрудің өзі күнә шығар.

Оған қарсымын дегендер, баласы мен анасын бір-біріне қарсы қойғандар – сайтанның азғыруындағы күсәпірлер дер едім.

Қолыңыздан келсе, біздің өміріміз бен әлемімізге араласпай, өз қалауыңызша өз өміріңізді сүргеніңіз абзал. Әр отбасының өз тәртібі, өз тәрбиесі бар. Менің отбасым сізге ұнаса да, ұнамаса да, сіздің қалауыңызбен өмір сүрмейді”, - деді Гүлзира Айдарбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар