Танымал блогер әрі актриса Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің қазіргі көңіл күйін айтып, елді алаңдатып қойды, деп жазады Alash.kz.
Бұған дейін Мереке Қалбаева желідегі парақшасында күйеуімен түскен барлық суреттерді өшіріп, әсерлі жазба жариялаған еді.
"Өмірдің заңы ғой, біз қаламаған дүниелер болады осылай. Қабылдамаймын деп отыра бере алмайсың. Мен депрессия болып жатып алатын жас қыз емеспін, олай жасасам мына балаларды кім асырайды? Бұлардың да мен жыласам көңіл күйі түседі. Бала ғой, қанша дегенмен анасын 100% сезеді. Менің стресс болғаным бұларға әсер етіп, ауыртады. Осы кішкентай жүректерім үшін сынбауға тырысамын. Әйел деген мықты халықпыз ғой негізі... Бірақ мықты болып та шаршайды екенсің", – деп жазды Мереке Қалбаева.