Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаға бола туған дау. Астаналық әйелді ер адам азық-түлік дүкенінде ұрған

09:39, 11 шілде 2024 1188
Астанадағы азық-түлік дүкендерінің бірінде әйелді ер адамның ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Зәбір көрген әйел видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Дүкенде соққыға жығылған әйел жағдайдың 7 шілде күні болғанын айтады. Ол дүкенде жүргенде абайсыздан біреудің баласына қағып кеткен.

"Баланың әкесі менімен жанжалдасты, мен кешірім сұрадым, балаға зиянымды тигізейін деген ниетім болмады. Содан кейін жанжал басталды, ол мені балағаттай жөнелді. Баласын қолына алған күйде бірнеше рет итерді, оның баламен бірге тұрғанын түсініп, ештеңе істемедім. Содан кейін ол кетіп қалып, баласыз қайтып келді, барлығын видеодан көруге болады", - деп жазды әйел.

Кадрлардан ер адамның әйелді арқасынан жұлқа итеріп, бетінен төплегенін көруге болады.

Ер адам әдепсіз сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынған. Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады:

"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар