Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Баладан да, бауырдан да айырылған Шерзаттың әкесі үйсіз жүр". Адвокат тың дерек айтты

20:27, 17 ақпан 2025 1611

Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тың дерек белгілі болды. Адвокат Саида Тәуекел Нұрымовтың әлі үйсіз-күйсіз екенін, анасының үйінде тұрып жатқанын мәлімдеді, деп хабрлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл жағдай хақында  Ulysmedia.kz порталы хабарлады:

Қазір ештеңе өзгерген жоқ. Үй әлі жоқ. Қаржаубай қазір анасының үйінде, өзінің жанұясымен бірге. Психолог, терапевттердің қарауында. Сотқа дайындалып, үлкен жұмыс істеп жатыр, – деді Саида Тәуекел.

Сонымен қатар, Қаржаубайдың үйінің өртелгені бойынша қозғалған істің тағы бір сараптамасының қорытындысы шықпағаны хабарланды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы адамдар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар