Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балабақшаға "орын алып беремін" деп алдаған әйел сотталды

11:00, 12 маусым 2025 162

Жергілікті тұрғын баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген ондаған ата-ананы алдап, олардың ақшасын иемденген, деп жазады Alash.KZ.

Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы «Пікірлер» бөлімінен тапқан, онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған.

Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін «делдал» ретінде таныстырып, сыйақы үшін «Indigo24.kz» жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан.

Қаражатты алған соң, ізін суытқан.

30-дан астам алаяқтық фактісі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды, қалған шығын одан өндірілді.

Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура жеке деректерді ашық дереккөздерде, әсіресе пікірлерде жариялау айтарлықтай қауіп тудыруы мүмкіндігі жөнінде ескертеді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 194