Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған

Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған
 

Балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған, деп хабарлайды Alash.KZ Halyq Uni сайтына сілтеп.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдегі балабақшаларға тексеру жүргізіліп, мекемелерде әртүрлі салада 300-ден аса талап бұзылғандығы анықталған.

Ақпаратқа сүйенсек, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.

Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинады. Бұл ретте мекеме басшысы жұмыстан шығарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен бірге, 3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды.

Бұған қоса, 19 мекемеде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеген.

Кінәлілер жауапқа тартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар