19 қыркүйекте Екібастұздағы Әуезов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алып, кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Осы жайтқа байланысты құзырлы орган өкілдері ресми жауап беріп, жасөспірімді көлік қағу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
«Полиция департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол жүрісі қағидаларын, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін қатаң сақтау маңызды екенін еске салады», — деді тәртіп сақшылары.