"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков өз әлеуметтік желісінде алғашқы ресми ойыны туралы әсерін бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
22 жастағы қақпашы команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Пафосқа" қарсы матчында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты.
"Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойыным – тағы бір бала күнгі арманымның орындалған сәті! Әлхамдулиллаһ!", – деп жазды футболшы Instagram парақшасында.
Кеше өткен жалпы кезеңнің үшінші турындағы үй кездесуінде "Қайрат" кипрлік "Пафос" командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Матч барысында Темірлан Анарбеков бірнеше маңызды сейв жасап, команданың үздік ойыншысы атанды.
Айта кетейік, жалпы кезеңнің алғашқы екі турында Темірлан жарақатына байланысты алаңға шықпаған еді.