Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бала 1 жас 8 айлық болған”: Астанада көлік кішкентай баланы қағып өлтірді

18:06, 04 мамыр 2026

Астанада тұрғын үй ауласында кішкентай баланы көлік қағып, қаза тапты, деп жазады Alash.kz.

Қайғылы оқиға 3 мамырда Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Бала 1 жас 8 айлық болған.

"Kia Seltos маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікпен қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар