Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Байқамай басқан шығармын": су ресурстары министрі Жамбыл облысының әкіміне айтылған сынға неге лүпіл басты?

17:25, 20 наурыз 2025 394

Жыл басында Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеев 2025 жылды кітап жылы деп жариялаған еді. Ол кітап оқуға бел буғанын айтып, кітаппен фотоға түскен. Сосын оны Instagram парақшасына жариялаған.

Ал су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов сол кезде әкімге сын айтылған жазбаға лүпіл басып кеткен, деп жазады Alash.kz.

Дегенмен министр мұндай жазбаға лүпіл басқаны есінде жоқ екенін айтты. Ол "байқамай басқан шығармын, әкімнің жұмысына шағымым жоқ" дейді.

Бұған дейін, Жамбыл облысын дәл осы министр Нұржан Нұржігітов басқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар