Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Байғазыға 2 МЛН”: Дипломына бірегей сыйлық алған студент желіні шулатты (ВИДЕО)

20:50, 11 шілде 2025 339

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бітірушісі су жаңа қыруар байғазы жинап, елді таңғалдырды. Бұл туралы Alash.kz ұлтьық порталы хабарлады.

Соңғы бір аптада диплом табыстау рәсіміндегі ың-шыңмен ел аузында болған ҚазҰУ-дың түлектері бұл жолы басқа қырынан көзге түсті.

“20 мың теңгеліктен 87 дана 1 740000 теңге болады. Бұл басы болсын! Бұйырсп, дипломыңмен табатын айлығың одан да көп болсын!” деп байғазысын санап беріп, тілеп білдірді.

Боз баланың дипломына ірі купюралардан шытырлатып санап берген достары мен ата-ананың қылығы елдің пікірін екіге жарды. Бірі “қолда барда берген дұрыс” десе, екінші тарап мұны астатөктікке балап жатты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар