Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баян Алагөзова тойда уағыз айтқан азаматқа ескерту жасады

10:11, 06 тамыз 2026
Жетісай өңірінде тойда уағыз айтқан ер адамның әрекетіне байланысты Баян Алагөзова қатаң наразылық білдірді. Продюсер мұндай әрекеттерді зайырлы қоғамға жат деп санап, діни фанатиктерді жауапкершілікке тартуды және қоғамдық орындардан шеттетуді талап етті, деп жазады Alash.KZ

Ер адамның сөзіне қатты ашуланған Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі жазбасында:

"Мына сақалдыны жауапкершілікке тартады деп үміттенемін. Келесі жолы мұндай адамдардың қолынан микрофонды тартып алып, мүмкіндігінше алысырақ қуып жіберу керек. Сендерге, діни фанатиктерге, қанша рет айту керек? Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және сендердің көнерген діни догмаларыңды таратуға жол бермейміз. Ауғанстанға барыңдар, ол жақта шариғат заңдарымен өмір сүреді", - деп жазды продюсер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар