Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бағып отырған сылдырмағын бауыздап кетсін: Жанар Айжанова өзіне тіл тигізген оқырманына қатты айтты (ФОТО)

15:04, 18 қазан 2024 2092

Әнші Жанар Айжанова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тиіскен әйелді сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Айжанованың айтуынша, әншіге әлеуметтік желіде біреу тіл тигізіп, қызы мен жиені туралы ауыр сөздер айтқан.

«Маған бір әйел жазыпты. «Үйіңде өсіріп отырған Сылдырмағыңды бандиттер келіп өлтірсін, мен соны тілеймін, деп. Сендер, қандай анасыңдар? Ауыздарыңа келгенді оттап жатырсыңдар. Қызымды да жерден алып жерге салып жатыр. Мен ешкімге ештеңге деген жоқпын ғой. Мен ондай қайғыны жақсы түсінемін. Он екі жыл бұрын інімді өлтіріп кеткен. Атақты адамдар екен. Мен шулатқан жоқпын ғой. Өзім шештім. Мені де қорқытқан сол кезде: «тұқымыңмен құртамын» деп. Біреудің баласына өлім тілеп отырған, сендер, қандай анасыңдар? Он екіде бір гүлі ашылмаған қыздар жазып жатыр, сендерге не жоқ? Мен ешкімнің отбасына, ешкімнің шаруасына араласпаймын» дейді әнші.

Одан кейін Айжанова өзіне ауыр сөз айтқан әйелді тауып алып, ашық сөйлесетінін, елге көрсететінін айтыпты.

Сонымен бірге, әнші блогер Жан Ахмедиев туралы да айтыпты.

«Ол хайп қуып жүр, өзіне де айтқам. Аулақ жүр дегем» дейді. «Блогерлерді түсінбеймін, хайп үшін өліп жатырсыңдар. Баланың рухына тыныштық берсеңдерші» дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар