«Кешірімді не үшін сұрауым керек?», дейді Бағым Мұхитденова Димашқа қатысты пікірінде.
Белгілі продюсердің айтуынша, ол кезде сын Димаштың дауысына емес, әнге қатысты айтылған.
«Негізі мен сол әнде шыңғырудың керегі жоқ деп айтқан болатынмын. Алайда сол жерін қиып алып, Димашқа жоғары нотамен ән салуға тыйым салғандай болып көрсетті», - дейді музыкалық продюсер Аман Тасығанға берген сұхбатында.
Толық жауабы видеода.