Бұрынғы Цифрландыру министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Бағдат Мусиннің «Қазақтелеком» АҚ басшысы болғаны туралы ақпаратты жағдаймен таныс дереккөз растады, деп жазады, ҚазТАГ басылымы.
Бұған дейін Тоқаев «Қазақтелекомның» қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған болатын.
Айта кетейік, Бағдат Мусин биыл 30 сәуірде министрлік жұмысынан босатылған.