Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азық-түліктің бағасы төмендеді: Қазақстанда тамыз айында қандай азық-түлік арзандады

15:22, 01 қыркүйек 2026

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы тамызда айлық инфляция шілде айындағы деңгейде сақталып, 0,6% құрағанын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Тамыз айында бағаның негізгі төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде байқалды.

Атап айтқанда, картоп бағасы 12,3%, тәтті бұрыш – 11,9%, қырыққабат – 9,7%, жүзім – 8,0%, пияз – 7,7%, алма – 5,1%, сәбіз – 5,0%, лимон – 4,7%, қызылша – 3,6% төмендеді. Сондай-ақ алмұрт бағасы 1,8%, қияр – 1,5% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде пайдаланылған жеңіл автомобильдер бағасы 5,3%, планшеттер – 5,0%, медициналық маскалар – 2,9%, медициналық термометр – 1,9%, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері – 0,8% төмендеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар