Алматы облысы Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында 9 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасалды деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Alash.KZ.
Оқиға жайлы ақпаратты ауыл тұрғындары жергілікті чатта таратқан. Олардың мәліметінше, ер адам қызды дүкенге ертіп барып, оған тәтті алып берген. Кейін балаға қатысты әдепсіз әрекет жасаған деген күдік бар.
Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.
Оның айтуынша, қазір іс бойынша тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Зерттеу нәтижелері дайын болғаннан кейін заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция тергеу барысы туралы қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.