Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Азғындықты ірі лауазымды, шенді-шекпенділер жасайды» – Айгүл Орынбек

10:28, 04 наурыз 2024 489

Танымал заңгер Айгүл Орынбек әскердегі сарбаздардың жағдайын айтып, дабыл қақты.

Оның айтуынша, әлі күнге дейін әскерде сарбаздарға әлімжеттік көрсететін көрінеді. Бұл туралы ойын ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қаншама сарбаз әскерде өздеріне жасалған зорлық-зомбылықты көтере алмай, жанайықайын жеткізе алмай жынданып, тіпті салдарынан өз-өздеріне қол жұмсап жатыр... Көптеген сарбазды жындыханаға жатқызып қойғанын да білемін. Біз көбінесе себебімен емес, салдарымен күресеміз… Шындық осы!

Тараздағы қайтыс болған жігіттің киімінен, ауыз қуысынан  «сперма» табылды деген еді…- оны да ашып тергеген жоқ, бір адамның мойнына іле салды. Болды!

Отардағы қайтқан жігіттің атын «Айжамал» деп атаудың өзі күдік тудырған еді. Ол жігіттің өліміне де жәй қатардағы сарбаз кінәлі болып шыға келді.

Ең сорақысы – бізде бұндай санатты қылмыстар жасалады. Бірақ  бізде ауыр қылмыстар орын алса да, ол ашық айтылмау керек! Себебі бұндай азғындықты ірі лауазымды, шенді мен шекпенді адамдар жасайды», – деп жазды Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар құқық қорғаушы әскери шендінің ұсталуына қатысты пікір білдірді.  

«Бүгін әскери шені «подполковник» күдікке ілініпті деген ақпарат шықты.

Ол он төрт жасар баламен кездесуге барып кездеспекші болған. Ал әскери бөлімде бәрі жабық, сыртқа шығып айта алмайсың, соңында түрлі зорлық сипаттағы «қитұрқылықтар» мен психикалық қысымның «нәтижесінде» – не жынданасың немесе өзіңе қол жұмсайсың! Бітті!», – деді ол.

Жазбасының соңында жоғарыда отырған шенділерге ұсыныс тастады.

«Құрметті Сенат төріндегі және Мәжіліс мінберіндегі Депутаттар!

Шұғыл түрде комиссия құрылып, әскери бөлімдерден анонимді сауалнама жүргізу керек! Бұл сауалнама әскери бөлім басшылығы мен қызметкерлері ықпал ете алмайтындай жағдайда алынуы тиіс!

Бастысы, бұл комиссия құрамында құзырлы орган өкілдерінен бөлек, қоғам қайраткерлері мен ата-аналар міндетті түрде  болу керек!

Біз зорлық-зомбылықтан өз баламызды өзіміз қорғамасақ, басқа ешкім қорғамайды!», – деп сөзін қорытындылады Айгүл Орынбек.

Еске салсақ, 3 наурызда әлеуметтік желілерде және БАҚ беттерінде  «офицер педофилиямен айналысты» деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар