Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әзербайжанда қуатты жер сілкінісі болды

12 мамыр 2024 248

Әзербайжанда қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бұл туралы елдің республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

Сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша сағат 17:23-те (Астана уақытымен 18:23) Ленкоран ауданындағы Талыш тауларында магнитудасы 5,5 балға жеткен жерасты дүмпулерін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды.

Жер сілкінісінің қуаты 6 балды құрап, жақын жатқан аудандарда 5,3 балды көрсетті, - делінген хабарламада.

Әзірге бүлінген ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

     

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?