Ел президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты Әзербайжанда 26 желтоқсанды аза тұту күні деп жариялады.
Сондай-ақ Ақтауға Әзербайжан республикасынан арнайы делегация келді.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлаған болатын.
"25 желтоқсан күні Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты Маңғыстау облысына Әзербайжан республикасынан арнайы құрылған комиссия келді. Құрамында құтқарушылар, психологтар, прокурорлар бар делегацияны Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі бастап келді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәудет Қилыбай мен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмектердің көрсетіліп жатқанын айтты", - делінген хабарламада.