Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азат Перуашевтің үстінен қылмыстық іс қозғау керек - АЙГҮЛ ОРЫНБЕК

14:39, 05 қыркүйек 2024 585

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Азат Перуашевтың үстінен іс қозғау керегін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы заңген өзінің facebook парақшасында жариялады.

“Ақжол партиясы төрағасы Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен  қылмыстық іс қозғау керек! Құзырлы органдар тергеп -тексеру жүргізбей жатып, өз қызмет бабын пайдаланып, тіпті парламенттің ішінде қызметтік тексеру жүргізбей,  екеуара хат алмасуды әлеуметтік желіге салып жариялағаны үшін! Азат Перушов қоғамның назарын басқа ақпаратпен бұрмақшы болды деген ойдамын, себебі белгілі,  күні кеше Перуашовтың  орынбасары Дмитрий Василиев   үлкен шенеунікке  пара берген деген күдікке ілінген! Біз Перуашовқа сенің орынбасарың үлкен шенеунікке неге пара беріп жүр,  деп сұрақ қоюуымыз керек! Яғни Ақжол партиясының экс мүшесі Садықов “мені өздеріңнің лас істеріңе арластырмаңдар” деген сөздерінің астарында үлкен құпия бар! Жемқорлық парламент төрінде белең алып жатқанда, еліміздің болашағына алаңдау керекпіз! Ақжол партиясының мүшелері төрағаларыңды  ауыстыратын уақыт келді!”,- деп жазды қоғам белсендісі өз парақшасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар