Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азаптаған азғын ата-ана туған қыздарын күйдіріп, денесіне түрлі жарақат салған

10:12, 29 қаңтар 2025 727

Мәскеу облысының Тергеу комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарынан бастап ерлі-зайыптылар өз қызын ұрып-соғып отырған, деп хабарлайды Alash.kz.

Сондай-ақ, ата-анасы 2012 жылы туған қызына қыздырылған металл заттармен күйік салған.

“Тергеу барысында күдіктілер кінәсін мойындаған жоқ, олар баланың жарақаттарды өзіне өзі салғанын айтты”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындалды. Жақын арада күдіктілерге ресми айып тағылмақ.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 12 жастағы қыз үйінен қашып шығып, полицияға жүгінген. Ол ата-анасының оны үнемі қинап, азаптағанын айтқан.

Қыздың денесінде көптеген жарақаттар мен тыртықтар анықталды. Әкесі мен анасы оны “тәрбиелеу” мақсатында отта қыздырылған металл заттармен күйдіріп отырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар