Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Азаматтықтан айырсын!»: Қостанайлық тұрғын павлодарлық әйелдің жазасын күшейтуді талап етті

17:31, 29 қазан 2026

Павлодарда қазақ халқына тіл тигізген әйелге қатысты Михаил есімді азамат үндеу жасады. Ол әлеуметтік желіде тараған видеодағы мәлімдемелерді айыптап, Қазақстан Үкіметінен ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жазаны қатаңдатуды сұрады, деп жазады Alash.kz. 

Өзін орыс ұлтының өкілі ретінде таныстырған Михаил қазақ халқына және Қазақстан Үкіметіне арнап үндеу жариялаған. Ол әлеуметтік желідегі даулы видео авторының пікірін Қазақстандағы орыс қауымының көзқарасымен байланыстыруға болмайтынын айтты.

«Мен – орыспын. Сіздің Қазақстандағы орыстарға еш қатысыңыз жоқ екенін мәлімдеймін. Қазақстандағы нағыз орыстар қазақ халқын, оның салт-дәстүрін құрметтейді және қазақ халқымен достықты қадірлейді», - деді ол.

Михаил Үкіметке үндеу жасап, ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Ол тіпті мұндай әрекетке барғандарды Қазақстан азаматтығынан айыру мәселесін де көтерді.

Еске салайық, 28 қазанда Ресей президенті Владимир Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған павлодарлық әйел ұсталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар