Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

15 ақпан 2022 154

Азамат Сатыбалды Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.

Қуанышты хабармен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бөлісті.

«Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!

Өнер адамының тағдыры ерекше! 

Қалың көрермен қауым Азаматты театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды.
Стивен Кингтің «Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде» деген керемет сөзі бар.
Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген Азаматтың қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол.

Азамат Сатыбалдыұлын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне сəттілік және табыс тілеймін!» деді ол.

Еске салсақ, бүгін Азамат Сатыбалдының Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметінен кеткен.

Ол бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарды.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?