Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелдерге деген өшпенділікті қоздыру: Әнші Ұланғасыр Қамиевтің үстінен іс қозғалды

16:48, 26 шілде 2024 2275

Қазнетте әнші Ұланғасыр Қамиевтің хиджабқа қатысты мәлімдемесі қызу талқыға түсті. Осыған байланысты Қостанай қаласының тұрғыны Саида Қастанеда өнер иесінің үстінен ІІМ-ге арыз түсірді деп хабарлайды Alash.KZ.

Саиданың айтуынша, «дәстүрлі» депутаттар бұл іс бойынша бастама көтермегендіктен, ол бұл міндетті өз мойнына алған. Сисембаева әншіні алауыздық тудырды деп айыптады.

«Біздің «дәстүрлі» депутаттар жанжалды азамат Ұланғасыр Камидің үстінен қандай да бір себептермен арыз түсірмегендіктен, олардың орнына мен істедім!

Бүгін е-өтініш арқылы ІІМ-ге ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес әлеуметтік және гендерлік алауыздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділікті қоздыру және әйелдерді/қыздарды өз күйеулері, бұрынғы күйеулері, жігіттері және туыстарының өлтіруі мен ұрып-соғуын ақтау туралы мәлімдемелерін тексеру туралы арыз жаздым. Арыз тіркелді, қандай да бір іс қозғала ма, әлде әдеттегідей бола ма, көреміз», - деп жазды ол Facebook желісінде.

Ішкі істер министрлігі арыздың тіркелгенін хабарлады дейді ZTB телеграм арнасы.

«Арыз тіркелді. Тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - деді ІІМ мәлімдесінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар