Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын: Бекболат Тілеухан жұмысын ауыстырған ба?

14:16, 15 шілде 2024 719
 
Бекболат Тілеуханов үнемі сөзге қалып, басы дауға ілініп жүреді. Бұл жолғысы тіпті қызық. Психолог, 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева кенже ұлының қырқынан шығару рәсімін экс-депутат Бекболат Тілеухан мен оның әйеліне жасатқан көрінеді. Бұл туралы Alash.KZ сайты Азаттық Рухының инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды", - деп жазды Даубаева.

Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Алайда бұл әрекетті оқырмандар түсінбейтінін жазған.

"О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмаладың. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығарады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер", - деп жазды олар.

Сондай-ақ, Тілеухан сәбидің атын азан шақырып, "Асанәлі" деп қойып береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар