Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Авторлар қоғамы сотта Назарбаев қорынан жеңіліп қалды

13:12, 13 наурыз 2024 393

Б9л туралы alash.kz хабарлады.

Nege.Aqsha Telegram-арнасы мәліметінше, авторлық қоғам қордан белгілі фотограф Константин Киквидзеге Оливер Стоунның экс-президент туралы деректі фильмінде кадрлар пайдаланғаны үшін 26,9 миллион теңге төлеуді талап еткен.

"2019 жылғы желтоқсанда ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Global 3 Pictures шетелдік компаниясынан бекітілген сценарий бойынша Назарбаев туралы фильмге тапсырыс берген. Орындаушы деректі фильмнің әлемдік премьераларын, сондай-ақ, оның халықаралық орындарда көрсетілуін ұйымдастыруға және өткізуге міндеттелген. OCCRP мәліметтері бойынша, кинокартина өндірісі Назарбаев қорынан төленді және кем дегенде 5 миллион доллар тұрады.

2020 жылғы тамызда фильмге қатысты құқықтар қорға берілді. Global 3 Pictures бас атқарушы директоры Игорь Лопатенок фильм 2019 жылдан 2022 жылға дейін түсірілгенін мәлімдеді. Киквидзе жеткізушілердің бірі болды: ол өз командасымен бірге 2020 жылдың маусым-шілде айларында Ақтаудан Алматыға түсірілім экспедициясын ұйымдастыруы керек еді, ол үшін оған 16,2 млн теңге төленді", - деп жазылған арна мәліметінде.

Сонымен қатар, деректе COVID-19 пандемиясына байланысты экспедиция жүзеге асырылмағаны айтылады.

"Бұғандейін айтылған соманың бастапқы жарнасы қайтарылған жоқ. Оның орнына Киквидз е оларға экспедиция кезінде түсірілген кадрларды берді. Компания бұл материалды фильмде пайдаланды. Киквидзе осы материалды лицензиялауға қатысты ешқандай құжат рәсімдеген жоқ. Калифорния штатының заңдары бойынша Global 3 Pictures бұл материалға қатысты барлық құқыққа ие, өйткені Киквидзенің де, оның компаниясының да осы мүлікке меншік құқығын алуға құқығы жоқ" деді Лопатёнок", - деп келтірді арна бұл туралы деректі.

Осылайша сот авторлық қоғамның Назарбаев қорына деген талабын қабылдамаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар