Ақтөбе маңында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалған. Кадрларда қатты бүлінген автобус пен жүк көлігі көрінеді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі 93 күн демалмай, жұмысын жалғастырған. Бұл туралы aktobe_zello Instagram парақшасында жарияланған видеода айтылған.
Полицияның хабарлауынша, жол апатының нәтижесінде автобус жүргізушісі мен жолаушы Ақтөбе медициналық мекемесіне жеткізілді.
Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды ҚР ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырады.