Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында ер адам өз әйелін өлтіріп, оның денесін екі ай бойы көлігінің жүк салғышында жасырған. Бұл туралы The Korea Times басылымы сот материалдарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға 2023 жылдың 26 қарашасында болған. Шамамен 40 жастағы ер адам жанжал кезінде әйелін ауыр затпен ұрып, оның денесін көрпеге орап, көлігінің жүк салғышына тығып қойған. Кейін көлікті үйіне жақын маңдағы тұраққа қойған, деп жазады «Холод» журналы.
Оқиға әйелдің танысы оны жоғалып кетті деп полицияға хабарлағаннан кейін әшкере болды. Құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарын бастап, 2024 жылдың 19 ақпанында күйеуін ұстады. Тергеу кезінде ол өз ісін мойындап, әйелінің денесі қайда екенін көрсеткен.
Айыпталушының адвокатының айтуынша, ер адам ауыр күйзеліске түскен, бұл оның қаржылық қиындықтары мен «вокал фишинг» (телефон арқылы алаяқтық) құрбаны болуынан туындаған. Айыпталушы қылмыс жасаған сәтте есінен адасқан күйде болғанын алға тартты.
Сотта прокурорлар оған 30 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Олар айыпталушының жауапкершіліктен жалтаруға тырысқанын, өз әрекеттерін нақты түсіндірмегенін айтты. Сондай-ақ, ол марқұм әйелін кінәлауға тырысқанын атап өтті.
Соңғы сөзінде айыпталушы балаларынан және әйелінен кешірім сұрап, жылап жіберіп, «құдайдың жазасына лайықпын» деді. Үкім 12 маусымда жарияланады деп жоспарланған.