Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауыр пышақ жарақатын салып, бой тасалаған»: 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты тың дерек шықты

11:00, 05 қазан 2026

Таразда жас жігіттің топтық соққыға жығылып, пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Жамбыл облысында орын алған бұл қайғылы оқиға жайлы алғаш болып Halyqstan Telegram-арнасы хабарлаған еді. Куәгерлердің айтуынша, кеше күндізгі сағат 17:00 шамасында Абай көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз бір топ адам 24 жастағы жігітпен жанжалдасып, оған соққы берген. Қаскөйлер азаматқа ауыр пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшыларына болған жайт туралы куәгерлер дереу хабар берген.

Осы оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық Полиция департаменті ресми түсініктеме беріп, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға ізін суытпай ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», — деп мәлімдеді өңірлік ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайын анықтап, тиісті сараптамаларды жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар