Желіде мектеп оқушыларының әлімжеттік көрсетіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz KYN.KZ сайтына сілтеп.
Бұл бейнежазба 2023 жылы “Герасимовка орта мектебі” КММ аумағында түсірілген. Видеода бейәдеп сөздер қолданылған.
«Оқиғаға қатысқандармен, сондай-ақ басқа да оқушылармен кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заңсыздықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған оқушылармен мектеп психологын қатыстыра отырып қосымша жеке кездесу ұйымдастырылды. Қазір екі оқушы 10-сыныпта оқып жүр, қалғандары колледж бен жоғары оқу орындарына түскен. Оқиғаға қатысы бар балалардың ата-аналарымен де әңгіме болды, мектепте оқушылар арасындағы буллинг тақырыбына арналған жалпы жиналыс ұйымдастырылды, – делінген ШҚО ПД хабарламасында.