Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауыл мектебіне ауыр шабуыл жасалып, 20 оқушы қаза тапты

11:15, 13 мамыр 2025 2216

Мьянмадағы ауылдық мектептердің біріне жасалған әуе шабуылы салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

12 мамыр күні таңғы сағат 10 шамасында Мьянманың әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ ауылға әуеден соққы берген.

AFP агенттігіне сұхбат берген мектеп мұғалімінің айтуынша, шабуыл салдарынан 20 оқушы мен екі мұғалім мерт болған.

«Балаларды құтқаруға бар күшімізді салдық, бірақ ұшақ бомбаны тым тез тастап үлгерді», – дейді куәгер.

Білім беру саласындағы жергілікті маман да бұл деректі растап отыр. Ал елдің әскери билігі бұл оқиғаға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, бұл жағдай Сагаин аймағында болған. Аталған өңір – 28 наурызда тіркелген күшті жер сілкінісінің эпицентрі. Сол зілзаладан кейін қалпына келтіру жұмыстарына байланысты 31 мамырға дейін уақытша бітім жарияланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар