Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауруханада жатыр: Өгей әкесі 2 жастағы қызды аямай ұрып-соққан

11:38, 21 қаңтар 2025 482

Павлодарда ер адам кішкентай қызды ұрып-соққан. Бұл ақпаратты өңірдің балалар омбудсмені Сауле Шәкенова растады, деп хабарлайды Alash.kz.

Агенттікке берген түсініктемесінде Сауле Шәкенова ер адамның өзінің бірге тұратын әйелінің кіші қызын ұрып-соққанын айтты.

«Тергеу нұсқасы бойынша, ол әйелінің кіші қызына дене жарақатын салған. Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікке ілінді», – деді балалар омбудсмені.

Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомстводан.

Белгілі болғандай, қыз бар болғаны екі жаста. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар