23 қазан күні Түркістан қалалық ауруханасында ем қабылдап жатқан кезінде күзеттен қашып кеткен Мұхтар Сыздықов полицияның жедел-іздестіру шарасы кезінде қолға түсті. Ол алысқа қашпай, танысының үйінде тығылып жүрген, деп хабарлайды Alash.kz.
Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Кабденовтың айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағына бақылау бекеттерін қойып, Түркістанды толық тексерген. Нәтижесінде күдікті жасырынған үй анықталып, ол ұсталып, қайтадан уақытша ұстау орнына жеткізілген.
Қазіргі уақытта Сыздықовтың қашуына қатысты тексеріс жалғасып жатыр. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.