Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауру қызын өлтірген: Саябақта секіріп кеткен әйел туралы жаға ұстатарлық ақпарат шықты

15:38, 25 маусым 2024 648

24 маусымда Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс паркінде әйел адам аттракционнан секіріп кеткен болатын. Тергеу мәліметіне сәйкес, бұған дейін ол кәмелетке толмаған қызын өлтірген. CMN.KZ редакциясы анасы мен баласының өліміне қатысты тың мәліметтерді анықтаған,деп хабарлайды ALASH.KZ ұлттық порталы.

Оқиға орнынан түсірілген кадр әлеуметтік желілерде тез таралды. Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Аттракционнан құлап кеткен әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.

Кейінірек Алматы облысының полицейлері алты жасар қыздың денесін тапқаны белгілі болды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, 40 жастағы Юлия С. өзінің үйінде қызын арқанмен буындырып өлтірген. Қылмыс таңертеңгі сағат 10:00-де болған.

Олар Өтеген батыр ауылында тұратын отбасы. Қыз бала психикалық аурумен ауырған.

Бала қайтыс болғаннан кейін шамамен екі сағат өткен соң, әйел орталық мәдениет және демалыс паркінде өзіне-өзі қол жұмсады. Тергеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған жанды өлтіру» бойынша жүргізілуде.

Әйел немен айналысқан?

CMN.KZ тілшісінің мәліметінше, Юлия С. 1983 жылы туған. Әйел сәнге, интерьер дизайнына қызыққан, жануарларды жақсы көрген және саяхаттаған. Оның мопс тұқымды иті болған, оның суреттерін ол жиі әлеуметтік желілерде жариялап тұрған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар