Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауғанстанда әйелдерге сөйлеуге және бетін ашып жүруге толық тыйым салынды

11:54, 24 тамыз 2024 624

Ауғанстанда әйелдерге сөйлеуге және бетін ашып жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды  Alash.KZ. ұлттық порталы.

Ауғанстандағы билік басындағы «Талибан» тобы әйелдердің бетін жауып, көпшіліктің алдына шығуына тыйым салды. Бұл заңды елдің рухани көсемі Хибатулла Ахунзада бекітті. Бұл туралы Associated Press жазады.

Құжат «жамандықпен күресу және ізгілікті насихаттау мақсатында бекітілген» жаңа заңдарға сәйкес жасалғаны айтылады.

Елдегі Ізгілікті насихаттау және келеңсіздіктердің алдын алу министрлігі күнделікті өмірдің бірқатар аспектілеріне қатысты құжат қабылдаған. Құжатта  көлік, музыка, қырыну және мерекелерді қамтитын заңдар бар. Құжаттың жалпы көлемі 114 бет, 35 баптан тұрады.


Олардың бірі әйелдерге қатысты. Заңда ауғанстандық әйелдердің үнемі көпшілік алдында денесі мен жүзін жауып тұруы керектігі сөз болады.  Сонымен қатар олардың бетін жабуы «азғырудан аулақ болуға және басқаларды азғырудан сақтауға» кепіл екені айтылған. 

Заңға сәйкес, киім жұқа, тар немесе қысқа болмауы керек.

Сондай-ақ, әйелдердің дауысы "қозғырғыш" саналатыны айтылған. Олар  ән айтқанда, жатқа өлең оқығанда, дауыстап оқығанда естілмеу қажет. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар