Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахундзада бүкіл ел бойынша интернетті өшіріп тастауға бұйрық берді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бұл туралы Afghanistan International жазды.
Бүкіл ел бойынша Интернет пен Wi-Fi-ға тыйым салу туралы шешім нақты бұйрық екені және қайта қарауға жатпайтыны айтылды.
Басылым сонымен қатар 17 қыркүйектегі жағдай бойынша Ауғанстанның 34 провинциясының 10-ында интернет жоқ екенін атап өтті.