Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әуежайлар мен вокзалдарда жаппай тексеріс»: Қазақстанда халықаралық арнайы операция басталды

15:12, 29 қазан 2026

Алматыда есірткі тасымалының халықаралық арналарына қарсы ауқымды арнайы операция басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Канал» өңірлік есірткіге қарсы операциясы аясында «Канал – Каспий шамшырағы» субөңірлік операциясы қолға алынып отыр. Халықаралық деңгейдегі бұл шараға Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының құзыретті органдарының уәкілетті өкілдері арнайы қатысуда.

Арнайы іс-шараның негізгі бағыттары мен міндеттері жайлы Ішкі істер министрлігінің өкілдері ресми түрде төмендегідей төл сөзін келтірді:

«Операцияның негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымын анықтау және олардың жолын кесу, есірткінің мемлекеттік шекаралар арқылы тасымалдануына жол бермеу, сондай-ақ, есірткі бизнесіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қарсы іс-қимыл жасау».

Операция аясында барлық көлік инфрақұрылымы нысандарында, соның ішінде халықаралық әуежайларда, теңіз және өзен порттарында, сондай-ақ теміржол тораптары мен станцияларында ауқымды іздестіру, бақылау-тексеру және жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу көзделген.

Сонымен қатар, арнайы операция кезінде жүк пен багажда, жүк жөнелтілімдерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттарды анықтауға ерекше назар аударылатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар