Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраулық қыз өзін Facebook-те қорлаған адамды сотқа берді

05:59, 06 ақпан 2023 298
Facebook қолданушыларының бірі өз парақшасында Атырау тұрғынына қатысты жалған ақпаратты қамтитын жазба жариялаған. Оның салдары үлкен дауға айналып, ақырында іс сотқа жетті. Бұл даулы істі өңірдегі Қызылқоға аудандық соты қараған.

 

Facebook қолданушысының өз парақшасында қыздың ар-намысына тиіп, көпшілік алдында қадыр-қасиетін кетіріп, қорлағаны, сондай-ақ ол туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды, – деп хабарлады «Мой город».

 

Жазба авторына ҚР ҚК-нің 131-бабы («Қорлау») бойынша айып тағылды. Алайда қос тарап сот залынан тыс келіссөз жүргізіп, өзара ымыраға келген. Соған сәйкес, сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар