Атырауда қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Атырау қаласындағы «Француз ықшам ауданында» әйел адамның денесі табылды.
«Француз ықшам ауданындағы» тұрғын үй кешенінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның мәйіті табылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл қарақшылық шабуыл кезінде орын алған қасақана кісі өлтіру оқиғасы болуы мүмкін.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері, криминалистер және жедел жәрдем тобы жеткен.
Тұрғындардың сөзінше, қаза тапқан әйел пышақталған.