Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда түлектер "Алтын белгі" төсбелгісін алу үшін соттасты

11:07, 19 ақпан 2026

Атыраудың С.Зиманова атындағы №37 мектепте ел естімеген осындай оқиға болды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Былтыр С.Зиманова атындағы №37 мектептің жеті оқушысы "Алтын белгіге" үміткер болған, ал ішкі тексерістен кейін тізімде тек үшеуі қалды.

Алайда тоқсан бойынша бағалар мен электронды күнделіктегі деректерге түзету енгізілгені белгілі болды. ТЖБ, БЖБ бағасы да өзгертілген.

Атырау облыстық білім беру департаментінің комиссиясы мұны тәртіпті бұзу деп, Алтын белгіні бермей қойған.

Сол үшін екі оқушы сотта құқығын қорғамақ болды.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты балалар Алтын белгі төсбелгісін алуға лайық деген шешімге келді.

Комиссия отырысының хаттамалары заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар