Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда танымал блогер ауыр айыппен ұсталды

20:40, 05 маусым 2025 701

Атырауда видеоблогер кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ALASH .KZ Polisia.kz-ке сілтемежасап.

«Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.

Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар