Әлеуметтік желіде Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімдігінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Әкімдік қайғылы жағдайда байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұжымы - Имашев Қуаныш Мусаұлы қайғылы жағдайда өмірден өткені жайындағы хабарды зор өкінішпен растайды.
Орны толмас қазаға байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтамыз.
Істің мән-жайын құзырлы құқық қорғау органдары анықтауда.
Құрманғазы ауданы әкімдігі тергеу шараларына қолданыстағы процедуралар шеңберінде тиісті қолдау көрсетуде. Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан расталмаған ақпараттар таратпай, негізсіз болжам жасамауды сұрайды”,- делінген хабарламада.