Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда қара никаб киген қызды аяусыз соққыға жыққан күдікті қамауға алынды

12:00, 25 маусым 2025 202

Атырауда оранған қызды аяусыз соққыға жыққан азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

“Информбюро” бағдарламасы қорғансыз жанды жуан жұдырығымен төпелеп, тепкінің астына алған күдікті қазір тергеліп жатқанын айтты.

Оның мұндай қатігездікке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Көпшіліктің жағасын ұстатқан оқиға бейнебақылау камерасына жазылған. 

Видеодан екеуінің жеделсаты алдында сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Бір сәтте атпалдай азамат қыздың басынан бірнеше рет ұрады. Жерге құлағанына қарамай одан сайын сабап, аяғымен бетінен тебеді. Содан кейін ештеңе болмағандай сыртқа шығып кетеді. Қыз орнынан тұрып, жеделсатыға кіргенде қайтадан жүгіріп келіп, тағы қол көтереді. Айғай-шуды естіген тұрғындардың бірі жәбірленушіні пәтеріне кіргізіп, көмек көрсеткенін екен. Күдікті қызға кім болып келетіні әзірге айтылмады. 

Атырау облысы полиция департаментінің бөлім инспекторы Дина Мақсотова: 

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ұрып-соғу бабымен қылмысты іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды, - деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар