31 жастағы Атырау облысының тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды, деп жазады Alash.KZ.
Ол hacker.atyrau парақшасы арқылы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында жоғалған отбасы туралы тың деректерді әлеуметтік желіде таратқан еді.
Полиция оны бұл іс-әрекеті үшін емес, осыған дейін жасаған құқықбұзушылығына байланысты іздеп жатыр.
Құзырлы орган берген мәліметке сүйенсек, ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Оған қатысты 4 қылмыстық іс тіркелген.