Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты прокурорлар қандықолдарға өмір бойына түрме жазасын сұрады

16:47, 13 қараша 2025 35

Атырауда Яна Легкодимованың қазасына байланысты өтіп жатқан сот процесінде мемлекеттік айыптаушылар жарыссөз барысында айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті, деп жазады Alash.KZ.

Прокуратураның мәліметінше, бұл ең ауыр жаза – жасалған қылмыстың ерекше қатыгездікпен орындалғанына және адамгершілікке жат сипатта болғанына байланысты сұралған.

«Сот алдында тұрған екі азамат Яна Легкодимованы өлтіріп, кейін оның денесін және телефонын өзенге тастаған. Марқұмның денесін табу үшін тергеу органдарына сегіз ай қажет болды. Қылмыс алдын ала жоспарланып, зорлық-зомбылықпен және із жасыру әрекеттерімен жасалған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Айыптаушылар атап өткендей, Қылмыстық кодекстің 39-бабына сәйкес, жазаның мақсаты – әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және жаңа қылмыстардың алдын алу болып табылады.

«Қазақстан Республикасында ең қымбат құндылық – адам және оның өмірі. Ешкімнің өз еркімен өзге адамның өмірін қиюға құқығы жоқ. Сол себепті прокурор ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады», – деп мәлімдеді ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар