Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысындағы мектептің шатыры құрылыс кезінде опырылып түсті

13:50, 10 қыркүйек 2025 111

Атырау облысының Құлсары қаласындағы Атырау шағынауданында салынып жатқан жаңа мектеп ғимаратының шатыр бөлігі құлап түсті, деп жазады Alash.kz.

Білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, нысан "Жайлы мектеп" жобасы аясында бой көтеруде және 1200 оқушыға арналған.

"Құрылыстың толық аяқталуына дейін бағдарламаға жауапты әкімші – Атырау облысының құрылыс басқармасы", – деп нақтылады ведомство өкілдері.

Қазір оқиғаның себебі мен залал деңгейі анықталуда.

Ұлттық пилоттық жоба шеңберінде 2023–2025 жылдары аймақта 12 мектеп салу жоспарланған. Жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Білім министрлігінің тапсырысына сәйкес Samruk-Kazyna Construction АҚ жүзеге асырып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар